Қиындықта ел бірге … » КГУ «Школа-гимназия №73» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№73 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(778) 700-70-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 274-84-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
сәуір
2024

Қиындықта ел бірге …

Дуйсекина  Асия Толеуовна
Алматы Бостандық  ауданы
 73 мектеп гимназия қазақ тілі мұғалімі








Қиындықта ел бірге …
“Апат айтып келмейді” деген сөздің растығына тағы бір мәрте көзім жеткендей. Еліміздің бірнеше бөлігіндегі тасыған су бірнеше бас жылқы мен сиырды жаңқадай ағызып әкетіп барады. Екпіні тракторды қайықтай қалқытады. Ал үйінің бел ортасына дейін су басып, қара жолдан күдер үзіп, кеш батқанша шатырда тұрып көмек күткен адамдар әуедегі тікұшаққа жанұшыра қол созады. Бұл көрініс әрбір қазақтың жүрегін қан жылатты. Әр қазағым менің жалғызым... деп халқымыздың басына тускен осынау қиындықта бір - бірімізге көмек қолын созу біздің басты парызымыз. Қиындықта көмек көрсету, қайғымен бөлісу - қазақ халқының асыл қасиеті емес пе?  Мектебімізде де ерікті түрде бірнеше ұстаздар көмек қолдарын созуда. Бұл жағдай біздің азаматтарымыздың ынтымағы  мен жауапкершілігін тағы бір мәрте  дәлелдеді. Осындай белсенділіктің арқасында  біз төтенше жағдайларға тиімді қарсы тұрып қана қоймай, ел дамуының
жүйелі мәселелерін шеше аламыз деген ойдамын. Бірлік пен ынтымақ құндылықтары мәдениетіміз бен діліміздің өзегі болып саналады. Осы құндылықтар арқылы біз кез келген киындықты жеңеміз!