Педагогтерді лауазымға тағайындау конкурсы » КГУ «Школа-гимназия №73» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№73 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(778) 700-70-35
Есепші бөлімі:
+7(727) 274-84-99
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогтерді лауазымға тағайындау конкурсы
17
қараша
2022

Педагогтерді лауазымға тағайындау конкурсы

Алматы қаласы Бостандық ауданы

«МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ № 73» КММ

бос жұмыс орындарына байқау өтетіндігі туралы хабарлайды!

Конкурс 25 қараша 2022 жыл, сағат 11:00 өтетінін хабарлаймыз


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына сәйкес, Алматы қаласы Білім басқармасының «МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ № 73» КММ, 2022 жылғы 17 қарашадан  24 қарашаға  дейін мына қызметтер бойынша бос орындарға конкурс өткізеді:

Математика -1 бірлік  

Психолог -1 бірлік 

Конкурс педагог қызметкерлердің бос орнына жұмысқа қабылданудан үміткерлердің кәсіби деңгейін, олардың лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды жолдайды:

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- Жеке басын куәландыратын құжат;

- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған іс парағы

- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

Наркологиялық ұйымнан анықтама;

- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлкеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды жолдау қажет:

қағаз түрінде мына мекенжайға: Алматы қ., Бостандық  ауданы, Басенов көшесі 14 үй,  КММ «Мектеп гимназия №73», жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс: 13.00-14.00), «Қабылдау бөлмесі». 

Құжаттар 2022 жылғы  17 қарашадан басталып, 2022 жылғы 24 қарашада аяқталады.

Байланыс телефоны.: 8 (727)-274-84-99